Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған нетворкинг
08-04-2022 18:04
Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған нетворкинг

 Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Бұқар жырау ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2022 жылы 8 сәуірде ZOOM платформасында «Биология, химия пәндері бойынша функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында нетворкинг өтті. Жиынға аудан, қалалардың 100-ге жуық биология, химия пәні мұғалімдері қатысты.

 Бұқар жырау ауданының келесі педагогтары өз іс-тәжірибесімен бөлісті:

  1. Ойгорбай Бахыт, Бұқар жырау ауданы әдістемелік кабинет әдіскері- «Бұқар жырау ауданы жалпы білім беру ұйымдарында «ЗЕЙІН» әлеуметтік-педагогикалық жобасының жүзеге асырылуы туралы»
  2. Жұмағұл Меруерт Асериятқызы, «Көкпекті жалпы білім беретін мектебі» КММ, химия пәні мұғалімі- «Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»
  3. Иваненко Наталья Ивановна, КГУ " Общеобразовательная  школа  имени Ахмета  Байтурсынулы ", учитель биологии- «Самостоятельная работа с текстом, как основа формирования функциональной грамотности на уроках биологии»
  4. Нурмаганбетова Камар Ынтымаковна, «Үштөбе ТМ (РО)» КММ, биология пәні мұғалімі- «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған практикалық тапсырмалар»
  5. Касимова Сауле Сагандыковна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, биология пәні мұғалімі- «Биология сабағында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы мәнмәтіндік тапсырмалардың маңыздылығы»
  6. Сулейменова Жанат Есимхановна, КГУ «Нуринская ОШ» учитель биологии, химии- «Использование интегрированных заданий на уроках  биологии и химии  в целях развития функциональной естественнонаучной грамотности школьников»
  7. Жуантаева Марал Ахмедиевна, «Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)»- «Функционалдық сауаттылық химия сабағында»