Арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы шығармашылық байқаудың қорытынды кезеңі
12-04-2022 22:14
Арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы шығармашылық байқаудың қорытынды кезеңі

      2022 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында бірлесіп ZOOM платформасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы шығармашылық байқаудың қорытынды кезеңін өткізді.

Байқауға Қарағанды облысы колледждерінен 22 арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Бірінші кезеңде қатысушылар байқауға қатысуға өтінім беріп, әдістемелік әзірлемені жіберді.

Екінші кезеңде қазылар алқасы байқау материалдарын бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар  анықталды:

1 орын -Оралов Қайыржан Бауыржанұлы, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын - Шлыкова Наталья  Владимировна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын -Мақсатова Анаргүл Мақсатқызы, «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын -Можанин Алексей Александрович, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы.