Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлеріне арналған семинар
13-04-2022 21:28
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлеріне арналған семинар

      2022 жылдың 13 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды техника-құрылыс колледжімен бірлесіп  техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арнап «Инклюзивті ЕББҚ бар балаларды оқыту кезінде оқу-әдістемелік кешен құру ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.

Аталған шараның мақсаты - озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және енгізу.

ZOOM платформасы және  YouTube каналы арқылы өткізілген семинарға облыс колледждерінің 100-ден астам жас педагогтері қатысты.

Қарағанды техника-құрылыс колледжінің жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлері келесі тақырыптар бойынша өз жұмыс тәжірибесін ұсынды:

  1. «ТжКББ ұйымдарында инклюзивті практиканы қалыптастыруға ықпал ететін нормативтік-құқықтық актілер», Шаповалова Т.Ю., педагог-психолог;
  2. «Білім беру процесінің ерекше жағдайларын қалыптастыру үшін шектеулері бар балалардың қажеттіліктерін бағалауды анықтау», Жуманбаева К.А., директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
  3. «Арнайы және инклюзивті білім беру практикасында ОӘК қалыптастырудың ерекшеліктері», Блялова М.А., оқытушы;
  4. «Инклюзивті топта ОӘК қалыптастырудың ерекшеліктерін көрсететін педагогикалық технологиялар», Абдрахманов Н.С., оқытушы;
  5. «Инклюзивті ортада жұмыс істеу кезіндегі өндірістік оқыту шеберінің оқу-әдістемелік кешенінің ерекшелігі», Жданова Л.Ю., өндірістік оқыту шебері.