Қарағанды облысы білім басқармасының тапсырмасымен білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен тәлімгерлердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру мақсатында 2022 жылдың 28 наурызы мен 11 сәуірі аралығында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының тәлімгерлері үшін «Тәлім тұғыры – тәлімгер» атты оқыту курсын өткізді. Оқыту қазақ тілінде, 212 тәлімгерден тұратын 4 топта өткізілді.
Оқыту барысында тыңдаушылар орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін қамтамасыз етудің негізгі нормативтік-құқықтық актілері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы туралы білімдерін шыңдады. Әр түрлі мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму заңдылықтары, мұғалімнің эмоционалды тұрақтылығы, кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу, жанжалды жағдайларды шешу жолдары қарастырылды.