Размер шрифта:
«Болашаққа жолдама» форумына 300-ден астам қатысушылар жиналды
15-04-2022 21:02
«Болашаққа жолдама» форумына 300-ден астам қатысушылар жиналды
      15 сәуір күні Оқушылар сарайы ғимаратында Балалар жылы аясында ұйымдастырылған оқушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша «Болашаққа жолдама» атты форум өтті.
Іс-шараға 300-ден астам педагог, оқушылар мен студенттер қатысты. Төрт секциялық алаң аясында кәсіптік бағдар беру бойынша үздік жобалар таныстырылды және байқаулардың қорытындылары шығарылды.
Сәуір айының басында облыс мектептерінде «Үздік авторлық бағдарлама», «Үздік кәсіби бағдар беруші», «Жаңа мамандықтар атласы», «Оқушылардың үздік бизнес стартап жобалары» бағыттары бойынша байқаулар өткізілді. Өңір педагогтері мен оқушылары сайысқа белсенді түрде қатысып, инновациялық көзқарас пен шығармашылық ой көрсете білді.
Форумның пленарлық бөлімінде қатысушылар кәсіптік бағдар беру жұмысының озық әдістері туралы баяндамаларды тыңдады, сондай-ақ дарынды оқушылардың бизнес-жобаларымен танысты. Әр секцияның қорытындысы бойынша мектеп, отбасы және кәсіби оқу орындарының өзара байланысын ұйымдастыруға бағытталған ұсынымдар шығарылды.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Бақтыгүл Әдекенова форум жұмысын түйіндеп, балалардың кәсіби өзін-өзі анықтауына көмек көрсету бойынша одан әрі жұмыс істеуге арналған бірқатар ұсынымдарды қабылдады.