Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Арман-ПВ» баспасымен бірге 21 сәуір ZOOM платформасында облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне 2022-2023 оқу жылында оқу процесіне енетін 5-11 сыныпқа арналған «Абайтану» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін жасаған авторлардың қатысуымен семинар ұйымдастырып өткізді. Семинар барысында «Абайтану» оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны, «Абайтану» пәнінің рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызы туралы айтылды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде «Абайтану» оқулық-кешенін әзірлеген авторлар атынан филология ғылымдарының докторы, профессор Зайкенова Руда және «Арман-ПВ» баспасы директорының орынбасары Қараева Қымбат Амантурлиевна таныстырылым жасап, ішкі мазмұнына тоқталды. Баспаның бас редакторы Бекболатова Айгуль Нурмукашевна жалпы «Арман-ПВ» баспасы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Семинарға облыстың 300-ге жуық педагогтері мен білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.