Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған семинар 5–11-сыныптарға арналған «Абайтану» оқу-әдістемелік кешенінің таныстырылымы
21-04-2022 21:59
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған семинар 5–11-сыныптарға арналған «Абайтану» оқу-әдістемелік  кешенінің таныстырылымы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  «Арман-ПВ» баспасымен бірге 21 сәуір ZOOM платформасында облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне  2022-2023 оқу жылында оқу процесіне енетін 5-11 сыныпқа арналған «Абайтану» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін жасаған авторлардың қатысуымен семинар ұйымдастырып өткізді. Семинар барысында «Абайтану» оқу-әдістемелік  кешенінің мазмұны, «Абайтану»  пәнінің рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызы туралы айтылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде «Абайтану» оқулық-кешенін әзірлеген авторлар атынан  филология  ғылымдарының докторы, профессор Зайкенова Руда және «Арман-ПВ» баспасы директорының орынбасары Қараева Қымбат Амантурлиевна таныстырылым жасап, ішкі мазмұнына тоқталды.  Баспаның бас редакторы Бекболатова Айгуль Нурмукашевна жалпы «Арман-ПВ» баспасы туралы жан-жақты ақпарат берді.

          Семинарға  облыстың 300-ге жуық педагогтері мен білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.