Математикалық сауаттылық апталығы аясындағы семинар
22-04-2022 11:58
Математикалық сауаттылық апталығы аясындағы семинар

      2022 жылдың 22 сәуірінде Zoom платформасында математикалық сауаттылық апталығы аясында «Бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін енгізу бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының математика және физика оқытушылары үшін семинар өтті.

Іс-шара барысында келесі педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Пиневич Елена Геннадьевна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ жобалау-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;

2. Разбекова Айнагуль Сагытаевна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ физика пәнінің оқытушысы;

3. Калыкбекова Маржан Амановна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ математика пәнінің оқытушысы;

4. Алмаганбетова Данагул Нурлыбековна, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы;

5. Мурадхаан Жанаргуль, «Теміртау техникалық колледжі» КММ математика пәнінің оқытушысы;

6. Айдарова Дарига Достаевна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК физика пәнінің оқытушысы.

Шараға облыс колледждерінің 54 математика және физика оқытушылары қатысты.