Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылдың 26 сәуірінде ZOOM платформасында облыстың оқыту қазақ тіліндегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау бойынша шеберлік сабақтарөткізілді.
Мақсаты: оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау бойынша ақпарат беру және оқушылардың күрделі мәтіндермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту жолдары бойынша тәжірибе алмасу.
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары туралы әдіскер Г.Жаркеева ақпарат берсе, Қарағанды облысы білім басқармасының «№1 «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ мұғаліміИгенова Айкул Ахмашовна «Шығармалардағы ұлттық құндылықтарды меңгерту жолдары» тақырыбында шеберлік сабақ өткізді.
Шараға облыстың 100-ден аса педагогтері қатысты.