Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың сәуір айының 28 күні ZOOM конференциясында әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
- әдіскер-магистрлердің зерттеулерді ұйымдастыруы және өткізуі туралы;
- жазғы мектепті ұйымдастыру туралы;
- облыстық сараптама кеңесінде қарастыру үшін педагогтердің әдістемелік өнімдерін қабылдау және тіркеу;
- балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушылардың жұмысы туралы;
- «Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі-2022» облыстық конкурсын өткізу туралы.
Әдістемелік күнге Қарағанды облысының білім бөлімдерінің 88 әдіскері қатысты.