Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн
28-04-2022 15:01
Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың сәуір айының 28 күні ZOOM конференциясында әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  • әдіскер-магистрлердің зерттеулерді ұйымдастыруы және өткізуі туралы;
  • жазғы мектепті ұйымдастыру туралы;
  • облыстық сараптама кеңесінде қарастыру үшін педагогтердің әдістемелік өнімдерін қабылдау және тіркеу;
  • балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушылардың жұмысы туралы;
  • «Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі-2022» облыстық конкурсын өткізу туралы.

Әдістемелік күнге Қарағанды облысының білім бөлімдерінің 88 әдіскері қатысты.