Размер шрифта:
«Музыкалық мектептер мен колледждердің білім алушыларының концерттік-байқаулық қызметі» тақырыбындағы семинар
29-04-2022 09:51
«Музыкалық мектептер мен колледждердің білім алушыларының концерттік-байқаулық қызметі» тақырыбындағы семинар

      2022 жылдың 29 сәуірінде «Өнер» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің қызметі аясында «Музыкалық мектептер мен колледждердің білім алушыларының концерттік-байқаулық қызметі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинарға Қарағанды облысының музыка мектептері мен колледждерінен 15 педагогы қатысты.

Семинардың спикерлері «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушылары Файзурахманов Д.А., Алжанова А.У. және «№1 Балалар музыка мектебі» КМҚК оқытушылары Шакенов В.Ж., Дубровский В.В. болды.

Семинар тақырыбы өзекті. Байқау және концерттік қойылымдарға дайындық мәселелері қозғалды. Қатысушылар арасындағы сөз сөйлеу барысында сындарлы және нақтылаушы сұрақтар белсенді талқыланып, қойылды, оларға толық жауаптар алынды.