2022 жылдың 29 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде облыстың колледждерікәсіптік қашықтықтанбағдарлы жарнамасының «Талапкер-2022» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты– оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауының қалыптасуына ықпал ету.
Байқауға 17 колледж қатысты.
Барлық жұмыстар тәуелсіз қазылар алқасымен критериалды бағаланып, отырыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
№ 1 Номинация «Қарағанды облысында техникалық және кәсіптік білім беруді талап ететін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тұсаукесері»:
1 орын - Абдиханиева Нурбану Бауыржановна «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері, Яшукова Елена Александровна директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары;
2 орын - Паныгина Ирина Валентиновна, «Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
3 орын - Байбалина Мадина Рахметулловна, «Қарағанды жоғары медициналық интерколледж» ЖММ педагог-психологы.
№ 2 Номинация «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жарнамасы»:
1орын - Ильиных Юлия Валериевна, Темірхан Ердос Жолшыбекұлы, «Теміртау техникалық колледжі» КММ оқытушылары;
2 орын - Мақсатова Анаргүл, «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ оқытушысы;
3 орын - Жұмабай Ардақ Арманұлы, Сағынтаева Дамира Болатқызы Ақылбекова, Дильназ Даулетовна Өскенбай, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ оқытушылары.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.