«Талапкер-2022» қашықтықтан байқауы
29-04-2022 08:58
«Талапкер-2022»  қашықтықтан байқауы

      2022 жылдың 29   сәуірінде    Қарағанды ​​облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде облыстың колледждерікәсіптік қашықтықтанбағдарлы жарнамасының   «Талапкер-2022»   облыстық байқауын  өткізді.

Байқаудың мақсаты– оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауының қалыптасуына ықпал ету.

Байқауға 17 колледж қатысты.

Барлық жұмыстар тәуелсіз қазылар алқасымен критериалды бағаланып, отырыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

№ 1 Номинация «Қарағанды облысында техникалық және кәсіптік білім беруді талап ететін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тұсаукесері»:

1 орын -  Абдиханиева Нурбану Бауыржановна «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері,  Яшукова Елена Александровна директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары;  

2 орын -  Паныгина Ирина Валентиновна, «Теміртау  көпсалалы  «Мирас» колледжі» ЖММ  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

3 орын - Байбалина Мадина Рахметулловна, «Қарағанды жоғары медициналық интерколледж» ЖММ  педагог-психологы.

№ 2 Номинация  «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жарнамасы»:

1орын -  Ильиных Юлия  Валериевна, Темірхан Ердос Жолшыбекұлы,  «Теміртау техникалық колледжі»  КММ оқытушылары;

2 орын -  Мақсатова  Анаргүл,   «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ  оқытушысы;

3 орын -  Жұмабай Ардақ Арманұлы,  Сағынтаева Дамира Болатқызы Ақылбекова, Дильназ Даулетовна Өскенбай,  «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ оқытушылары.

Жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.