Размер шрифта:
WORLDSKILLS KARAGANDA – 2022 аймақтық чемпионатының ашылуы
03-05-2022 15:41
WORLDSKILLS KARAGANDA – 2022 аймақтық чемпионатының ашылуы

      2022 жылдың 3 мамырында 6 колледж базасында «WorldSkills Karaganda 2022» VI аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Сайысқа қатысушылардыҚарағанды агротехникалық колледжі, Қарағанды тамақтану және сервис колледжі, Қарағанды теміржол колледжі, Қарағанды техника-құрылыс колледжі, Шахтинск технологиялық колледжі, Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі қабылдады.

Аймақтық чемпионат 3-14 мамыр аралығында WorldSkills халықаралық қозғалысының 52 құзыреті (кәсібі) бойынша өтеді. Байқау алаңдарына Қарағанды облысы колледждерінің 22 жасқа дейінгі 350 – ден астам жас маман-студенттері шығады. Олардың әрқайсысы Қазақстанның ұлттық құрамасына кіру мүмкіндігі үшін күресетін болады.

Жарыс тағы 11 колледж базасында жалғасады. 

Қатысушыларға сәттілік тілейміз және ең мықтылар жеңсін!