Педагогтардың кәсіби деңгейін көтеріп, өзін-өзі дамыту дағдыларын арттыру мақсатында «Өзін-өзі тану кеңістігіне рухани - адамгершілік білім беруді енгізу» республикалық жобасы бойынша жұмыс істейтін № 53 мектеп-лицей мұғалімдеріне арнап, ҚО ББД ОӘО әдіскері Любчанская Татьяна Витальевна «Педагогтің тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі дамытуы – көшбасшылық мүмкіндікті жүзеге асыру әдісі ретінде» тақырыбында кезекті тренинг өткізді.
Тренингке 20 педагог қатысты (мектеп ұжымының 35 %).
Рефлексия үрдісі кезінде жобаның қаншалықты маңыздылығы жеке көзқарастардан көрініп, оны жүзеге асыруға деген белсенділіктің өсуі байқалды. Сонымен қатар мұғалімдер тренинг кәсіби келеңсіздіктің алдын алу құралы, кәсіби өсудің бірден-бір жолы екендігін және осы формадағы жұмыстың жалғасын табуы қажеттігін атап көрсетті.