№ 53 мектеп-лицей мұғалімдеріне арнап, ҚО ББД ОӘО әдіскері Любчанская Татьяна Витальевна «Педагогтің тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі дамытуы – көшбасшылық мүмкіндікті жүзеге асыру әдісі ретінде» тақырыбында кезекті тренинг өткізді.
05-01-2016 04:26

    Педагогтардың кәсіби деңгейін көтеріп, өзін-өзі дамыту дағдыларын арттыру мақсатында «Өзін-өзі тану кеңістігіне рухани - адамгершілік білім беруді енгізу» республикалық жобасы бойынша жұмыс істейтін № 53 мектеп-лицей мұғалімдеріне арнап, ҚО ББД ОӘО әдіскері Любчанская Татьяна  Витальевна  «Педагогтің тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі дамытуы – көшбасшылық мүмкіндікті жүзеге асыру әдісі ретінде» тақырыбында кезекті тренинг өткізді.

     Тренингке 20 педагог қатысты (мектеп ұжымының 35 %).

    Рефлексия үрдісі кезінде жобаның қаншалықты маңыздылығы жеке көзқарастардан көрініп, оны жүзеге асыруға  деген белсенділіктің өсуі байқалды. Сонымен қатар мұғалімдер тренинг  кәсіби келеңсіздіктің алдын алу құралы, кәсіби өсудің бірден-бір жолы екендігін және осы формадағы жұмыстың жалғасын табуы қажеттігін атап көрсетті.