Размер шрифта:
«WorldSkills Karaganda-2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
04-05-2022 23:19
«WorldSkills Karaganda-2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
       2022 жылдың 4 мамырында «Шахтинск технологиялық колледжі» МКҚК базасында «Компьютерлік ойындарды 3D модельдеу», «Электроника» құзыреттері бойынша «WorldSkills Karaganda-2022» кәсіптік шеберлік аймақтық чемпионатының екінші жарыс күні өтті. Чемпионатта қатысушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беріліп, жұмыс орны дайындалды. 
«Компьютерлік ойындарды 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша сайыскерлер келесі екі модуль бойынша жұмыс жасады: 
1. Эскиз өнері; 
2. Жоғары полимодельді мүсіндеу. «Электроника» құзыреті бойынша аппараттық құралдың прототипін құрастыру жұмыстары жүргізілді. 
Байқаудың соңында сарапшылар қатысушыларды модульді критерийлер бойынша бағалады.