«Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша «Worldskills Karaganda-2022» аймақтық чемпионаты
2022 жылдың 5 мамырында «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Музыканы оқыту» құзыреті бойынша «Worldskills Karaganda-2022» аймақтық чемпионатының бірінші байқау кезеңі өтті. «Музыканы оқыту» құзыреті бойынша 5 оқушы қатысты. Бағдарламаға сәйкес қатысушылар келесі модульдер бойынша байқау тапсырмаларын орындады.
А1 модулі-өзін-өзі таныстыру. Қатысушылар қысқаша түрде өз кандидатураларын презентация түрінде көрсетті.
А2 модулі– шығармашылық шайқас. Қатысушылар кез келген музыкалық аспапты меңгеру қабілеттерін көрсетіп, вокалдық шығарманы орындады.
А3 модулі – мектептегі музыка сабағы. Қатысушылар волонтёрлармен бірге мектеп репертуарындағы әндерді үйренді. Қорытынды кезеңде сарапшылар қатысушыларды көрсетілген критерийлер бойынша бағалады.