Шахтинск технологиялық колледжінде «Worldskills Karaganda-2022» аймақтық чемпионатының өтуі
05-05-2022 12:42
Шахтинск технологиялық колледжінде «Worldskills Karaganda-2022» аймақтық чемпионатының өтуі

      2022 жылдың 5 мамырында «Шахтинск технологиялық колледжі» МКҚК базасында «Компьютерлік ойындарды 3D модельдеу» және «Электроника» құзыреттері бойынша «Worldskills Karaganda-2022» аймақтық чемпионатының 3 байқау күні өтті. Чемпионатқа қатысушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды. «Компьютерлік ойындарды 3D модельдеу» құзыретілігінің бағдарламасына сәйкес сайыскерлер келесі тапсырмаларды орындады:

1. Үлгіні UV-сканерлеу;

2. Модельдің текстурасы және түсті қабаттасуы.

«Электроника» құзыретілігі бойынша электронды құрылғыларды орнату және демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Күн соңында сарапшылар байқау тапсырмасын критерийлер бойынша бағалады.

 

Региональный чемпионат «Worldskills Karaganda-2022» в Шахтинском технологическом колледже