Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы білім бөлімімен және Саран қаласының №1 мектеп-лицейімен бірлесіп 2022 жылғы 6 мамырда "Оқуға құштар мектеп"жобасын іске асыру шеңберінде оқу сауаттылығын дамыту"тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты бастауыш сынып мұғалімдерінің, қазақ тілі мұғалімдерінің желілік қоғамдастығы арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу құзіреттілігін қалыптастыру бойынша педагогтердің теориялық және практикалық дайындық деңгейін арттыру болып табылады.
№1 мектеп-лицейінің мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп жұмысының ерекшеліктерімен директордың м. а. Ю. В. Гляненко таныстырды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша бастауыш сынып ӘБ жұмысы туралы В. В. Шперлинг айтып өтті. У. А. Слобожанская, С. Н. Подколзина бірінші сынып оқушыларында оқу қызығушылығын қалыптастыру үшін жаттығулар мен тапсырмалар кешенімен таныстырды.
О.Н.Ревтова, С.Е.Глотова бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызметін жандандыру тәсілі ретінде интерактивті плакатпен жұмыс тәжірибесін ұсынды. Қазақ тілі мұғалімдері М.Ж.Дюржанова, Л.Г.Даукенова оқылым дағдысында оқу сауаттылығын қалыптастыратын әдіс-тәсілдерұсынды. Бастауыш сынып мұғалімдері С. Ю.Зятюк, Т.Ю.Касаткина 3-4 сыныптарда әдебиеттік оқу сабақтарында жылдам оқу әдістерін қолдануды баяндады. Әдебиет, математика, орыс тілі сабақтарында "Зерек" жобасын жүзеге асыру туралы С. П. Никифорова, Е. Н. Передриенко, Т. В. Головко айтып берді.
Рефлексия барысында практикалық бағыт және бастауыш сынып мұғалімдеріне қажетті жаңа ақпаратпен танысу атап өтілді.