Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған онлайн-викторина
2022 жылдың 5-6 мамыры күндері Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған облыстық онлайн-викторинаның І кезеңі өткізілді.
Викторинаның негізгі мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білім, білік дағдыларын тексеру.
Онлайн-викторина google formsарқылы өткізілді. Ережеге сәйкес бірінші кезеңде берілген 15 тест тапсырмасының барлығына дұрыс жауап беріп, 15 балл жинаған қатысушылар онлайн-викторинаның ІІ кезеңіне қатысады. ІІ кезең:
12 мамыр – оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін
13 мамыр – оқыту орыс тіліндегі сыныптар үшін өтеді деп жоспарлануда.