2022 жылдың 12 мамырында «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КММ базасында «Кіші сыныптарда оқыту», «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттіліктері бойынша «WorldSkills Karaganda-2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының екінші байқау өтті. Бекітілген бағдарламаға сәйкес қатысушыларға қауіпсіздік техникасымен және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық, қатысушы компатриот-сарапшылармен брифинг, байқау тапсырмаларды орындау және көрсетуі өткізілді.
«Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша қатысушылар интерактивті жабдықты пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірі бойынша кіші сыныптардағы сабақтың үзіндісін әзірледі және көрсетті, сондай-ақ мұғалімнің сайты жасалынды және көрсетілді. Осы құзіреттілікке барлығы 8 қатысушы қатысты.
«Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша қатысушылар «Коммуникация» білім беру саласы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін АКТ жабдықта дидактикалық ойынды пайдалана отырып, сөйлеуді дамыту бойынша сабақты, сондай-ақ 4-5 жастағы балаларға арналған ұйқыдан кейінгі сергітетін гимнастиканың фрагментін әзірледі және көрсетті. Осы құзіреттілікке барлығы 7 қатысушы қатысты.
«Кіші сыныптарда оқыту», «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттіліктері бойынша сарапшылар бірінші және үшінші модуль бойынша бағалау нәтижелерін шығарып, базаға енгізді.
«Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КММ базасында «WorldSkills Karaganda – 2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының екінші күні