Қарағанды облысы білім беру ұйымдары директорларының, директордың орынбасарларының секциялық отырысы
16-05-2022 21:09
Қарағанды облысы білім беру ұйымдары директорларының, директордың орынбасарларының секциялық отырысы

      2022 жылдың 16 мамырында Қарағанды ​​облысы педагогтерінің«ХХІ ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа тенденциялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында білім беру ұйымдары директорларының, директордың орынбасарларының «Білім сапасы: заманауи мектептегі табысты басқару құралдары» тақырыбындағысекциялық отырысыөтті.

Секциялық отырыс мақсаты – аймақтағы білім беру жүйесін дамытуға бағытталған басқару жүйесінің жетістіктері мен болашағын қарастыру, қиындықтарды анықтау және алдын алу.

Менеджментті басқарудың өзекті тақырыптары бойынша барлығы 5 баяндама жасалды. Секция жұмысы барысында білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары өз жұмыстарын таныстырып, негізгі бағыттар бойынша педагогикалық ұжымды басқару тәжірибесімен бөлісті.

Спикерлер чатта секцияның 100-ден астам қатысушыларының сұрақтарына жауап берді. Әр педагог өз пікірін білдіріп, тек модератормен ғана емес, секцияға қатысушыларымен де еркін тілдесіп, сұрақтарына жауап алды.