ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ "XXI ҒАСЫР ДАҒДЫЛАРЫ" ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ҮРДІСТЕР
16-05-2022 21:18
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ

      2022 жылғы 16 мамырда онлайн режимде білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының география пәні мұғалімдерінің «XXI ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа үрдістер» атты ZOOM платформасында ғылыми–практикалық конференциясының секциялық отырысын өткізді.

Ғылыми–практикалық конференциясының секциялық отырысында өз іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер: Мандрик Светлана Васильевна, Сәтбаев қаласы, "№9 ЖББМ" КММ география пәнінің мұғалімі, Касанова Ботакөз Амангалиевна, Бұқар Жырау ауданы, "Көкпекті ЖББМ" КММ география пәнінің мұғалімі, Тургумбеков Аяган Берикболович, "Зияткер "мамандандырылған мектеп-интернаты"КММ география пәнінің мұғалімі, Фризен Ольга Сергеевна, Шахтинск қаласы," № 6 ЖББМ" география пәнінің мұғалімі.

Мұғалімдер XXI ғасырдың құзыреттілігі мен дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық модельдерді, бағдарламаларды, технологиялар мен инновацияларды, тиімді практикаларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылады.

Секциялық отырысқа 88 педагог қатысты.