ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ "XXI ҒАСЫР ДАҒДЫЛАРЫ" ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ҮРДІСТЕР
16-05-2022 21:27
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ

      2022 жылғы 16 мамырда онлайн режимде білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының тарих пәні мұғалімдерінің «XXI ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа үрдістер» атты ZOOM платформасында ғылыми–практикалық конференциясының секциялық отырысын өткізді.

Ғылыми–практикалық конференциясының секциялық отырысында: Тарыбаева Асем Кайратовна, п.ғ.к. "Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты" КММ тарих пәнінің мұғалімі, Максименко Никита Валерьевич, Саран қаласы "№17 мектеп - гимназиясы"КММ тарих пәнінің мұғалімі, Игембаев Руслан Картаевич,

Шет ауданы, "Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейі" КММ тарих пәнінің мұғалімі, Шах Лидия Альбертовна, Қарағанды қаласы, "№ 101 мектеп - лицейі" КММ тарих пәнінің мұғалімі, Досыбаев Нұрсұлтан Калсерикович, Балқаш қаласы, "№2 мектеп - лицей" КММ тарих пәнінің мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Мұғалімдер XXI ғасырдың құзыреттілігі мен дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық модельдерді, бағдарламаларды, технологиялар мен инновацияларды, тиімді практикаларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылады.

Секциялық отырысқа 88 педагог қатысты.