2022 жылдың 16 мамырында Қарағанды облысы педагогтерінің «ХХІ ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа тенденциялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті.
Секциялық отырыс мақсаты – ХХІ ғасыр құзыреттері мен дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялықүлгілерді, бағдарламаларды, технологиялар мен инновацияларды, тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелерін талқылау.
Секциялық алаң бойынша барлығы 7 баяндама жасалды. Секция жұмысы барысында баяндамашылар сын тұрғысынан ойлау, функционалдық сауаттылықты арттыру мәселелері, ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталған интербелсенді әдіс-тәсілдер, жаңа технологиялар, цифрлық технология, цифрлық сауаттылық туралы және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқылып жатқан Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын оқыту мәселелері мен оқушылардың таным белсенділігін дамытудағы Қ.Бітібаева технологияларының маңызы жайлы ой бөлісіп, тәжірибелерімен бөлісті. Конференция жұмысын қорытындылау барысында аудан, қала әдіскерлері және педагогтер көтерілген мәселелер бойынша өз ойларын білдіріп, ұсыныстарын айтты.
Секциялық алаң жұмысына 100 педагог қатысты.