«Қазақ жазуы және түркі руханияты» зияткерлік сайысы өтті
17-05-2022 17:25
«Қазақ жазуы және түркі руханияты» зияткерлік сайысы өтті

      17 мамырда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ресурстық тіл орталығы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы        18 мамыр – Түркі жазуы күніне және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған «Қазақ жазуы және түркі руханияты» зияткерліксайысы жоғары деңгейде өтті. 

Аталмыш сайысқа қала/аудан білім бөлімдерінің әдіскерлері және мамандандырылған мектеп-интернаттарының қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшілерінен құралған барлығы 23 үміткер онлайн түрде қатысты.

Сайыс мақсатына сәйкес екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең талаптарына сәйкес қатысушылар 40 минут ішінде  «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиін түрлеген реформатор» тақырыбында, көлемі 300 сөзге дейінгі эссе жазып шықты. Эссенің қортындысын алдын-ала сайланған қазылар алқасы нәтижесін шығарып, келесі кезеңге өткен мамандар анықтады.

Келесі кезеңге өткен жеңімпаздар Google forms бағдарламасы бойынша құрылған тест сұрақтарына жауап берді. Тест мазмұнына түркі руханиятының көрнекті тұлғаларының өмірі мен шығармашылығы, жазу тарихы және  А. Байтұрсынұлы еңбектері 30 сұраққа арқау болды.

Қазылар алқасының құрамында М.А.Тұрсынова (Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), А.Б.Әшірбекова Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті), М.Б.Сүлейменов (№6 ЖББМ), Ж.Р.Жақанова (Ресурстық тіл орталығы) болды.

Қазылар алқасының шешімімен алқа төрағасы - Қарағанды «Болашақ» академиясының профессоры, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Құрманғазы Зәкірұлы Сембиев таныстырып, жеңімпаздарды арнайы дипломдармен және белсенді қатысушыларды алғысхаттармен марапаттады. Сондай-ақ жеңімпаздарға дипломмен қоса естелікке кітаптар берілді.

1 дәрежелі диплом – Айтжанова Маржан Төлеуханқызы, Теміртау қаласы;

2 дәрежелі диплом иегерлері:

  • Төлеп Гүлзада Әбекенқызы, «Мұрагер» мектеп-интернаты;
  • Мухамедина Әсем Сембиевна, Жаңаарқа ауданы;
  • Разбекова Сана Какеновна, Жамбыл атындағы мектеп-интернаты.

3 дәрежелі диплом иегерлері:

  • Қадыр Айгүл Еркінқызы, Қарағанды қаласы;
  • Жунусова Бакыт Кумаровна, Нұрмақов атындағы мектеп-интернаты;
  • Шойбекова Перизат Ізімханқызы, Приозерск қаласы;
  • Дәурен Бейсен, Саран қаласы;
  • Шакина Айсулу Шотбековна, Сәтбаев қаласы.

Алғысхат иегерлері:

  • Шораева Гулдана Муратовна, Осакаров ауданы;
  • Байзакова Каракат Абдыкадыровна, Ұлытау ауданы
  • Блялова Сандуғаш Енбековна, Нұра ауданы.

Алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын табатын болады.