Instagram әлеуметтік желісінде өткізілген «Менің отбасым, менің шежірем...» облыстық студенттер арасындағы фотосуреттер байқауының нәтижелері
17-05-2022 08:56
 Instagram әлеуметтік желісінде өткізілген «Менің отбасым, менің шежірем...» облыстық студенттер арасындағы фотосуреттер байқауының нәтижелері

     2022 жылдың 17 мамырында Халықаралық отбасы күніне арналған Instagram әлеуметтік желісіндегі «Менің отбасым, менің шежірем...» облыстық студенттер арасындағы фотосуреттер байқауының 3 кезеңінің қорытындысы онлайн режимінде шығарылды.

Байқауға облыстың 16 колледжінен 29 студент қатысуға өтініш білдірді.

@agrotehcollege Инстаграм парақшасындағы онлайн дауыс беру нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:

«Мен және менің отбасым» шығармашылық селфи»  номинациясында:

1 орын – Омиртай Мирас, «Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ студенті;

2 орын - Сазакова Валерия, «Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММ студенті;

3 орын - Жунусов Алдияр, «Қарағанды экономика және статистика колледжі» ЖММ студенті.

«Менің шежірем» фотоколлажы» номинациясында:

1 орын - Әбілғазы Жансерік, «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ студенті;

2 орын - Елубай Айтбек, «Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі» КММ студенті;

3 орын - Элибек Жәнібек, «Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ студенті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!