Әдіскерлерге арналған әдістемелік өнімдерді әзірлеу және ұсыну бойынша оқыту семинары
18-05-2022 08:57
Әдіскерлерге арналған әдістемелік өнімдерді әзірлеу және ұсыну бойынша оқыту семинары

      2022 жылдың 18 мамырында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі әдіскерлерге арналған әдістемелік өнімдерді әзірлеу және ұсыну бойынша оқыту семинарын өткізді.

Семинарға 49 әдіскер қатысты.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес тыңдаушыларға келесі тақырыптар ұсынылды:

  1. «Облыстық сараптама кеңесінде қарау үшін педагогтердің әдістемелік өнімдерін қабылдау және тіркеу», Сарсекеева Г.С., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» ҚМҚК білім мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі;
  2. «Әдістемелік өнімді жазу/құрастыру бойынша ұсыныстар», Суртубаева Д.А., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» ҚМҚК ғылым бөлімінің меңгерушісі.

Семинар соңында  «Сұрақ-жауап» рефлексиясы өткізіліп, қорытынды жасалды.