2022 жылдың 19 мамырында Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арнап «Колледждің оқу-тәрбие үрдісінде цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыбында тәжірибеге бағытталған семинар-тренинг өткізді.
Аталған шараның мақсаты - озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және енгізу.
ZOOM платформасы арқылы өткізілген семинарға облыс колледждерінің 60-қа жуық жас педагогтері қатысты.
Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлері Коранбекова А.Т. және Кемелбеков Д.Д. Колледждің оқу-тәрбие үрдісінде «Jamboard», «Madtest», «Kahoot», «LearningApps» платформаларын қолданудың бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.