Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг
19-05-2022 08:34
Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг

      2022 жылдың 19 мамырында  Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып,  Қарағанды облысы техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арнап «Колледждің оқу-тәрбие үрдісінде цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыбында тәжірибеге бағытталған семинар-тренинг өткізді.

Аталған шараның мақсаты - озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және енгізу.

ZOOM платформасы арқылы өткізілген семинарға облыс колледждерінің 60-қа жуық  жас педагогтері қатысты.

Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлері Коранбекова А.Т. және Кемелбеков Д.Д.  Колледждің оқу-тәрбие үрдісінде «Jamboard», «Madtest», «Kahoot», «LearningApps» платформаларын қолданудың бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.