«Абыз даланың қобыз кеуделі ұлы» тақырыбында ақселеутанушы Қойлыбай Асановпен онлайн-кездесу
19-05-2022 10:31
«Абыз даланың қобыз кеуделі ұлы» тақырыбында ақселеутанушы  Қойлыбай Асановпен онлайн-кездесу

      19 мамыр Қарағанды облысында  Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласының білім бөлімі  «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы»  КММ  ұйымдастыруымен «Абыз даланың қобыз кеуделі ұлы» тақырыбында ақселеутанушы Қойлыбай Асановпен онлайн-кездесу болып өтті.

Кездесуді оқу-әдістемелік орталығының директоры Б.Абдикерова  ашып беріп, әрі қарай құттықтау сөзді Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер»  орталығының директоры Сағындықов  Исатай Өмірзақұлы алды. Кездесу барысында ұстаздар мен мектеп оқушылары Қойлыбай мырзаға сұрақ қойып, тұшымды жауаптарын алды. Білім беру ұйымдарының педагогтері кездесуге белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Шараға арнайы қонақтармен  қатар 100-ден астам педагогтер мен оқушылар  қатысты.