«Кәсіби бағдар сағаты 2022» вебинарлар топтамасы
20-05-2022 10:40
 «Кәсіби бағдар сағаты 2022»  вебинарлар топтамасы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 3 мен 20 мамыры  аралығында оқушыларға кәсіпті, мамандықты, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіптік бағдарлау сағаты 2022» вебинарлар циклін өткізді.

Аталған іс-шараға Қарағанды облысының барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдары (45 мемлекеттік және 23 жекеменшік) қатысты. Колледждер оқушыларға   ZOOM платформасында онлайн форматтаоқу орны туралы  сандық деректер  мен қызықты фактілер, мамандық туралы толық ақпарат көрсетілген бейнероликтер мен электрондық буклеттерді ұсынды.

Сапалы кері байланыс және оқушыларды қосымша ақпараттандыру мақсатында оқу-әдістемелік орталық Қарағанды облысының ТжКОБКБ ұйымдарының бейнероликтері орналастырылған «Кәсіптік бағдарлау»  YouTube арнасын  құрды.