2022 жылдың 20 мамырында Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арнап орыс тілінде «Колледждің оқу-тәрбие үрдісінде цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыбында тәжірибеге бағытталған семинар-тренинг өткізді.
Аталған шараның мақсаты - озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және енгізу.
ZOOM платформасы арқылы өткізілген семинарға облыс колледждерінің 50-ден астам жас педагогтері қатысты.
Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлері Борзова А.И.жәнеКостюченко М.Д. колледждің оқу-тәрбие үрдісінде «Quizizz», «Madtest», «Kahoot», «LearningApps» платформаларын қолданудың бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.