«Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша Оnline-оқыту семинары
24-05-2022 08:35
«Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша Оnline-оқыту семинары

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 24 мамырында «Білімал. Педагогтерді электрондық аттестаттау» мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аттестаттау комиссиялары мен сараптамалық кеңестердің мүшелері үшін ZOOM конференциясында оқыту жүргізді.

Оқыту барысында «Портфолионы қабылдау-тапсыру актісін қалыптастыру»  және  «Сараптамалық кеңестің жұмысы» кезеңдері оқытылды.

Оқытуды С.А. Амалбекова және А.Б. Исабаева «Өрлеу» АТО компаниясының менеджерлері өткізді.Тыңдаушылардың сұрақтарына облыстық сараптама кеңесінің хатшысы Г. С. Сәрсекеева жауап берді.

Онлайн-оқыту семинарға 215 адам қатысты.