Размер шрифта:
«Дәстүр мен ғұрып» тақырыбындағы онлайн-дөңгелек үстелі
25-05-2022 09:52
 «Дәстүр мен ғұрып» тақырыбындағы онлайн-дөңгелек үстелі

      2022 жылдың 25 мамырында онлайн режимінде облыс колледждерінің студенттері мен педагогтеріне арналған«Дәстүр мен ғұрып» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінің профессоры Кадина Ж.З. және А.Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің доценті Хамзина Қ.М. іс-шараның құрметті спикерлері болды.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды ​​көлік-технологиялық колледжі.

Іс-шараға қатысушылар салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардағы айырмашылықтар туралы пайдалы мағлұматтар алып, қазақ халқының түрлі салт-жораларын талқылады.

Шараға 40 оқытушы мен 70-тен астам колледж студенттері қатысты.