2022 жылдың 26 мамырында «Балқаш сервис колледжі» КММ Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесiп қаржылық сауаттылық апталығы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының экономикалық емес мамандық студенттері арасында «Экономика негіздері» пәні бойынша облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиада мақсаты- «Экономика негіздері» пәнін тереңірек зерттеуге студенттердің қызығушылығын ынталандыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін белсендіру, сонымен қатар экономикалық емес мамандық студенттеріне экономика саласындағы білім, біліктерін және дағдыларын насихаттау.
Олимпиадаға Қарағанды облысы колледждерінен 23 студент қатысты, соның ішінде 6 студент мемлекеттік тілде, 17 студент орыс тілінде қатысты.
Олимпиада 3 кезеңде өткізілді, 1 кезең қорытындысы бойынша 13 студент анықталып, 2 кезеңге өтті. Әрі қарай қорытындысы бойынша әділ-қазылардың шешімі бойынша 9 студент 3 қорытынды айналымға өтті.
Үшінші кезеңде студенттер логикалық экономикалық есептерді шығарды және жоғары дайындық деңгейі мен білімдерді көрсетті.
Барлық үш кезеңнің қорытындысы бойынша құзыретті әділ-қазылармен жеңімпаздар анықталды.
- орын – Молдобаев Назар Абдулхамитович, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Тарасов Сергей Петрович;
- орын – Баянова Жадыра, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Жусупова Қарлығаш Абдигалиевна;
- орын – Иксанов Даниил Сергеевич, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ студенті, жетекшісі Бегимова Назым Болатовна.
Жеңімпаздар дипломдармен, үшінші кезеңге өткен қатысушылар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.