26 мамыр күні Қарағанды қаласында көркем еңбек, музыка және қосымша білім беру педагогтерінің форумы өтті.
26-05-2022 09:27
26 мамыр күні Қарағанды қаласында көркем еңбек, музыка және қосымша білім беру педагогтерінің форумы өтті.
      7 пікірталас алаңында 300 жуық ұстаздар жұмыс жасады.
 
Қатысушылар музыканы оқытудың мазмұны мен әдістемесі, көркем еңбек және қосымша білім беруді ұйымдастыру, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқулықтар мазмұны мен оқушыларды гендерлік бөлу мәселелерін талқылады. Секциялық отырыс барысында оқытудың заманауи әдістері бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. 
 
Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицей қабырғасында 18 қала мен аудандағы білім беру ұйымдарының оқушылары мен ұстаздарының шығармашыл жұмыстары жиналған ауқымды көрме ұйымдастырылды. 
 
Форум жұмысының қорытындысы шығарылған пленарлық отырыс білім басқармасы басшысы Гүлсім Қожахметованың қатысуымен өтті. Іс-шара нәтижесі бойынша форум қарары қабылданды.