Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 19 мамыр күні «Шағын жинақты мектептің Үздік мұғалімі-2022» облыстық байқауының үшінші ақтық кезеңі өтті.
19-05-2022 10:37
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес  2022 жылдың 19 мамыр күні «Шағын жинақты мектептің Үздік мұғалімі-2022» облыстық байқауының үшінші ақтық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің  озық  іс тәжірибесін анықтау,  бағалау және тарату.

      Байқау 3 кезеңде өткізілді. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 2-ші кезеңге селолық аудандардың және Жезқазған, Қаражал қалаларының шағын жинақты мектептерінен 11 мұғалімнің жұмысы ұсынылды. Облыстық байқау комиссиясы ұсынылған құжаттардың талдау, бағалау қорытындысын шығарды.  

     Байқаудың 3-ші ақтық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлдегерлер:

Бас жүлде- Тойланбаева Гульнур Атыгаевна- Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылы № 17 ЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі.

I –орын   Молдабекова Айман  Жаскайратовна-Абай ауданы «Юбилейный ЖББМ»  қазақ тілі,әдебиеті пәні мұғалімі.

II-орын Шалабаева Зарина Флюровна- Бұқаржырау ауданы «Ботақара ЖББМ» биология  пәні мұғалімі.

III-орын Султанова Гульнур Жакибаевна-Шет ауданы «Босаға ЖББМ» бастауыш сынып мұғалімі.

III-орын  Мамыраева Жулдызым Тайгозиновна  -Жаңаарқа ауданы «Көктал ЖББМ"  бастауыш сынып мұғалімі.