«Облыстық сараптама кеңес жұмысының мазмұны. Аттестатталушының портфолиосын бағалау критерийлері» тақырыбындағы оқыту семинарлары
2022 жылдың 26 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы облыстық сараптама кеңестерінің мүшелеріне арналған 3 семинар өткізді. Семинарларда сараптама кеңес жұмысының алгоритмі мен мазмұны, портфолионы бағалау критерийлері қаралды.
Семинарларға мектептердегі бастауыш сынып, музыка, көркем еңбек, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің портфолиоларын қарайтын сараптама кеңестердің мүшелері қатысты.