Ауылшаруашылық колледждерінің студентерінің арасында дойбыдан онлайн жарысы
27-05-2022 10:00
Ауылшаруашылық колледждерінің студентерінің арасында дойбыдан онлайн жарысы

      2022 жылдың 27 мамырында ауылшаруашылық колледждерінің студенттері арасында дойбыдан онлайн жарыстар өтті.

Шараның ұйымдастырушылары: «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, «Ақтоғай аграрлық–техникалық колледжі» КММ.

Жарыс Play OKплатформасын қолдану арқылы айналмалы жүйе бойынша өткізілді.

Қатысуға облыстың 4 ауылшаруашылық колледжінен 12 студент өтінім берді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын– «Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ командасы;

2 орын– «Шет агротехникалық колледжі» КММ командасы;

3 орын– «Бұқар Жырау агротехникалық колледжі» КММ командасы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!