Мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің кафедра жетекшілеріне арналған әдістемелік кеңес
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 27 мамырда ZOOM платформасында мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің кафедра жетекшілеріне және пән мұғалімдерімен кезекті әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңесте төмендегі мәселелер қарастырылды:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығы және 2022 жылғы 20 сәуірдегі №159 бұйрықтарына шолу жасау;
- 9 (10), 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы;
- жазбаша емтихан жұмыстарын ресімдеу және тексеру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.