Мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің кафедра жетекшілеріне арналған әдістемелік кеңес
27-05-2022 10:16
Мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің кафедра жетекшілеріне арналған әдістемелік кеңес

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 27 мамырда ZOOM платформасында мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің кафедра жетекшілеріне және пән мұғалімдерімен кезекті әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңесте төмендегі мәселелер қарастырылды:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығы және 2022 жылғы 20 сәуірдегі №159  бұйрықтарына шолу жасау;
  2. 9 (10), 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан  өткізу туралы;
  3. жазбаша емтихан жұмыстарын ресімдеу және тексеру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.