«Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі «Ассорти» Тәтті кітабы» семинары
27-05-2022 10:31
«Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі  «Ассорти» Тәтті кітабы» семинары

      2022 жылдың 27 мамырында«Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі «Ассорти» Тәтті кітабы» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері мен кітапханашыларының семинар өткізілді.

«Ассорти» Тәттіі кітабы» семинарында қатысушылар «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында өздерінің оқу орындарында өткізілген жұмыстарын көрсетті. Келесі оқу орындарының кітапхана меңгерушілері өз тәжірибелерімен бөлісті: Досымханова К.Ш., «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ кітапханашысы; Сулейменова Г.Б., «Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ кітапханашысы; Жумадилова С.М., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК кітапханашысы; Сошникова М.А., «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ кітапхана меңгерушісі; Шахманова А.Т., «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК кітапханашысы.

Семинардың қорытындысы бойынша жобаны іске асырудың проблемалық мәселелері айтылды, сондай-ақ оны іске асыру бойынша тапсырмалар берілді.

Іс-шараға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 40-тан астам кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылары қатысты.