2016 жылдың 4-9 қаңтар аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Экономика негіздері және қаржы сауаттылығы» курсын оқытатын экономика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы өтті.
09-01-2016 03:31

   Семинарға Қарағанды облысының мектеп, гимназия, лицейлерінен 36 мұғалім қатысты. Оқыту жасалған бағдарлама негізінде өтті және қазақ, орыс тілдерінде жүргізілді. 

   Өткізілген семинар-тренингтің мақсаты – мұғалімніңоқыту мен оқудыңнәтижелі стратегияларын қолдану арқылы оқушыларды экономика негіздеріне оқытуының кәсіби мүмкіндіктерін арттыру.

  Негізгі міндеттері:

   1.  Экономика негіздері мен қаржы сауаттылығының базалық түсініктерімен таныстыру.

   2.  Интерактивті әдістер мен оқытудың педагогикалық техникаларын қолдануда оқушылардың білімі мен дағдыларын арттыру.

   3.  Жобаға қатысушыларды әдістемелік және мультимедиялық оқыту құралдарымен қамтамасыз ету.

   4.  Жобаның табысты қызметін қамтамасыз ететін сұрақтар топтамасын анықтау.

     Тәжірибелі мұғалімдер үшін Ресей және Қазақстан олимпиадаларының материалдарынан алынған күрделендірілген тапсырмалар берілді.

    Мұғалімдерде ең көп қызығушылықты оқытудың белсенді әдістері бойынша сабақтар тудырды. Бұндай қызығушылықты мұғалімдер жеткілікті тәжірибенің жоқтығын айтып түсіндірді және де әдебиеттер мен интернет ресурстар олардың сұраныстарын қанағаттандырмайтындығын айтты. Жаттықтырушылар оларға оқып жатқан сұрақтар бойынша өз білімдерін кеңейтуге көмектесетін әдебиеттер тізімін ұсынды.