«Отбасылық құндылықтар - өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізі» облыстық педагогикалық конференциясы
01-06-2022 10:26
«Отбасылық құндылықтар - өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізі» облыстық педагогикалық конференциясы

      2022 жылдың 1 маусымында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог- психологтары мен әлеуметтік педагогтары арасында «Отбасылық құндылықтар – өскелен ұрпақты тәрбиелеудің негізі» атты облыстық педагогикалық онлайн конференциясы өтті.

Конференция 2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында өтті.

Ұйымдастырушылар: «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК.

Конференция келесі бағыттар бойынша өтті:

  •  Жасөспірімдерде отбасылық құндылықтарды және саналы ата-ана болуды қалыптастыру.
  •  Отбасы мен колледждің әлеуметтік серіктестігін ұйымдастыру.
  •  Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жасөспірімдерді қазіргі заманғы отбасылық тәрбиелеудің негізгі проблемалары мен шешу жолдары.
  •  Девиантты және делинквентті мінез-құлқы бар жасөспірім отбасын психологиялық-педагогикалық қолдаудың ерекшеліктері.

Шара қорытындысы бойынша «Ата аналар мектебі» жобасын жүзеге асыру бойынша семинар өткізу және теолог ғалымдардың қатысуымен іс-шара өткізу туралы ұсыныстар айтылды.

Облыс колледждерінің 15 оқытушысы баяндама жасады.