«WorldSkills Karaganda 2022» VI аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау және жабылу салтанаты.
31-05-2022 07:58
«WorldSkills Karaganda 2022» VI аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау және жабылу салтанаты.
      31 мамырда «WorldSkills Karaganda 2022» VI аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау және жабылу салтанаты өтті. Жарыс  52 құзыреттілік (мамандық) бойынша облыс колледждерінің базасындағы 17 жарыс алаңдарында өтті, оның ішінде 2022 жылы ашылған 20 жаңа құзыреттілік бар.  Аймақтық чемпионатқа 310 жас шеберлер – 16  мен 22 жас аралығындағы колледж студенттері қатысты. 138 жүлдегер анықталды, оның ішінде 52 студент бірінші орынға ие болды.  Бірінші орын иеленген жеңімпаз студенттер  Қарағанды облысының атынан «WorldSkills Kazakhstan 2022» Ұлттық чемпионатына барады. 
Облыстың 67 колледжінің 50-і өңірлік чемпионатқа қатысты, оның ішінде 39 колледждің студенттері жүлделі орындарға ие болды. Екі колледж студенттері ең көп жүлделі орын алды: «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК-20 жүлделі орын және «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК-10 жүлделі орын.
Жабылу салтанатына аймақтық чемпионаттың тәуелсіз сарапшылары,  колледждердің әлеуметтік серіктестері қатысты. 
 «WorldSkills» чемпионаттары жастарды экономиканың өндірістік секторына тартуға, өндірістік және қызмет көрсету кәсіптерін дамытуға үлес қосады.
Осындай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауда жаңа идеялар мен тенденцияларды құрады, кәсіптік-техникалық білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді және халықаралық деңгейдегі жаңа формация маманын қалыптастырады.