Педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы шеңберіндегі семинар
2022 жылдың 8 маусымындаТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы шеңберінде«Оқытушылардың оқу-әдістемелік жұмысы тәжірибесімен алмасу» (Оқытушылардың оқу-әдістемелік өнімдерін, оқулықтары мен әдістемелік жинақтарын сапалы басып шығару үшін бағыттап, тарату)тақырыбы бойынша өткен семинарда «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:
- Джуманкулова С.Д., директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Әдістемелік әзірлеме - оқытушылардың педагогикалық шеберлік көрсеткіштерінің бірі ретінде» Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі тәжірибесінен» тақырыбында;
- Жумкина Д.Б.,педагогика пәнінің оқытушысы, «Электронды оқулық жасау технологиясы» тақырыбында;
- Валиева А.Г., педагогика және психология пәнінің оқытушысы, «Flip PDF креативті кітап форматындағы «Тәрбие жұмысының әдістемесі» әдістемелік құралының таныстырылымы» тақырыбында;
- Алмешова А.А., педагогика және психология пәнінің оқытушысы, «Педагогика» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрылымымен таныстыру» тақырыбында;
- Баярхуу М.Б., мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының арнайы пән оқытушысы, «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі» пәнінен әдістемелік құрал» тақырыбында;
- Орынбасарова Ж.У., мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының арнайы пән оқытушысы, «Силлабус модульдерді/пәндерді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету құралы ретінде» («Мектепке дейінгі балалар психологиясы» пәнінен силлабус)» тақырыбында.
Семинарға облыс колледждерінен 29 педагогқатысты.