Педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы шеңберіндегі семинар
08-06-2022 12:32
Педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы шеңберіндегі семинар

      2022 жылдың 8 маусымындаТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы шеңберінде«Оқытушылардың оқу-әдістемелік жұмысы тәжірибесімен алмасу» (Оқытушылардың оқу-әдістемелік өнімдерін, оқулықтары мен әдістемелік жинақтарын сапалы басып шығару үшін бағыттап, тарату)тақырыбы бойынша өткен семинарда «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • Джуманкулова С.Д., директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Әдістемелік әзірлеме - оқытушылардың педагогикалық шеберлік көрсеткіштерінің бірі ретінде» Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі тәжірибесінен» тақырыбында;
  • Жумкина Д.Б.,педагогика пәнінің оқытушысы, «Электронды  оқулық жасау технологиясы» тақырыбында;
  • Валиева А.Г., педагогика және психология пәнінің оқытушысы, «Flip PDF креативті кітап форматындағы «Тәрбие жұмысының әдістемесі» әдістемелік құралының таныстырылымы» тақырыбында;
  • Алмешова А.А., педагогика және психология пәнінің оқытушысы, «Педагогика»  пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрылымымен таныстыру» тақырыбында;
  • Баярхуу М.Б., мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының арнайы пән оқытушысы, «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі» пәнінен әдістемелік құрал» тақырыбында;
  • Орынбасарова Ж.У., мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының арнайы пән оқытушысы, «Силлабус модульдерді/пәндерді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету құралы ретінде»  («Мектепке дейінгі балалар психологиясы» пәнінен силлабус)» тақырыбында.

Семинарға облыс колледждерінен 29 педагогқатысты.